Русский Сайттың толық нұсқасы

Нариман, Нұриман, Нұрман. Түркістан облысында бес балалы ана үшем босанды

  • AstanaTV
  • 05 сәуір 2024
  • 647

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданының 40 жастағы тұрғыны, көпбалалы ана Жансәуле Доспанова үш ұлды дүниеге әкелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық әкімдіктің мәліметінше, нәрестелердің салмағы – 1990, 1975 және 1728 грамм болды.

Батыр анаға дәрігерлер кесарь тілігі арқылы ота жасап, босандырып алған. Қазіргі таңда мерзімінен бұрын туған сәбилердің жағдайы бірқалыпты.

Осылайша "Бәйдібектік батыр ана" бүгінде 8 баланың анасы атанып отыр. Үшемдерге туыстары Нариман, Нұриман және Нұрман есімдерін қойған. Батыр ана үшем босанатынын алғаш естіген кезде қобалжығанын айтады.

Оның айтуынша, бес балалы болған соң, сәбилі болуды жоспарламай жүрген.

"Күтпеген жерден дәрігерге қаралып, үшемді болатынымды естігенде басқаша сезімде болдым," дейді батыр ана.

Мерзімінен бұрын дүние есігін ашқан нәрестелерге жансақтау бөлімінің мамандары тарапынан ерекше күтім жасалған.

Мәліметтерге сәйкес, Түркістан облысының №2 перинаталдық орталығында 2024 жылы 24 егіз бен 1 үшем дүниеге келген.