Жасанды интеллекті мамандарды алмастыратындай деңгейге жетпеген. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілдері осылай деді. Қазір заң жобасы әзірленіп жатыр. Көпшілігі адамның орнын ауыстырып, кейбір мамандықтар жойылып кетпей ме деп қауіптеніп жүр. Бірақ сала өкілдері жасанды интеллект кейбір функцияларды алмастырмайды, тек толықтырады деп отыр.
Дархан МЫРЗАБАЕВ, ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРЛІГІНІҢ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ:
Аудармашылардың жұмысына келетін болсақ, жасанды интеллект аудармашыларды толығымен алмастыра алмайды. Жасанды интеллект – жаңа мүмкіндіктерді ашады, мәселен мәтінді тексеру және бағалау