Русский Сайттың толық нұсқасы

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге елордадан 80 тонна гуманитарлық көмек жіберілді

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге елордадан 80 тонна гуманитарлық көмек жіберілді. Оны "AMANAT" партиясының Астана қалалық филиалы мен әкімдігі ұйымдастырды. Жүк Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарына жеткізіледі. Онда барлық қажетті заттар бар. Игі шараға "Жастар Рухы" жастар қанатының белсенділері мен "Астана Жастары" еріктілері де белсенді қатысуда.

Мұхамеджан БОЛЫСБЕК, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Осы табиғи апаттан зардап шеккен азаматтармен біздің осы аманат партиясының өкілдері, жұдырық болып жұмылып бірлігімізді көрсетуіміз керекпіз. Мына елорда болып, біз елорданың әкімдігімен қатар, өзіміз бар мәслихат бар. Мынау бастауыш партия ұйымдарымен бірге осылай бірлігімізді көрсетіп, гуманитарлық көмекті жіберіп жатырмыз.

Аймақ ӘЛ-ФАРАБИ, АСТАНА ЖАСТАРЫНЫҢ ВОЛОНТЕРІ:

Жалпы 29 наурыздан бастап қала бойынша 9 осы гуманитарлық көмек жинау пунктері ашылған болатын. Күні бойы біздің яғни жанашыр жандарымыз еріктілеріміз, осы гуманитарлық көмекке яғни жинастыруға, тиеуге ат салысуда.