Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан мен Өзбекстан азаматтарының екі ел аумақтарында болуы туралы заңға қол қойылды

  • AstanaTV
  • 06 сәуір 2024
  • 543

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметтері арасындағы азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге енгізілген өзгерістер туралы заңға қол қойды.

"Мемлекет басшысы "2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", делінген Ақорда хабарламасында.