Русский Сайттың толық нұсқасы

"Жүректен жүрекке" қайырымдылық акциясын қолдады

  • AstanaTV
  • 08 сәуір 2024
  • 503

Жамбыл облысы Қордай ауданы Қазақстан халқы Ассамблеясының аясында 25 тоннадан астам гуманитарлық көмекті Қостанай облысы Арқалық қаласына жөнелтті.

Қордайдан су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмектің алғашқы партиясы жөнелтілді. Қабылдау пункті Қордай ауылындағы Мәдениет үйінің алдында, Өтеген батыр ескерткішінің жанында ашылды.

ҚХА-ның "ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ" қайырымдылық акциясына ауыл тұрғындары, кәсіпкерлер мен белсенді жастар қатысты.


Қордай ауданы жөнелткен гуманитарлық көмекте гигиеналық заттар, тамақ өнімдері, бірінші кезектегі тұтыну тауарлары, атап айтқанда: 3,7 тонна ұн, 2,7 тонна қант, 2,2 тонна макарон, 1,5 тонна күріш, 3,2 тонна картоп, 1,5 тоннадан астам сәбіз және өзге де азық-түлік жиынтығы бар.