Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Жанарбек Әшімжанов отандастарымызды бірлікке, ынтымаққа шақырды.
«Қазақ халқы басқа түскен түрлі қиыншылық пен нәубетті біріге жүріп еңсерген еді. Осы сынақты да ақ-адал көңілімізбен, бірлігімізбен еңсереміз деген ойдамын. Сондықтан уәкілетті органдардың тапсырмасын тиянақты орындап, тәртіп бұзбауымыз, кесе-көлденең ақпараттың жетегінде кетпеуіміз керек. Бұл тек біздің елімізде ғана емес, көрші мемлекеттерде де орын алып жатқан жағдай, уақытша ауыртпашылық. Алдағы сәулелі, жарқын кезеңдерді бірге көреміз деп сенемін», – деді депутат.