Русский Сайттың толық нұсқасы

Күшіміз бірлікте!

  • AstanaTV
  • 08 сәуір 2024
  • 579

Қысылтаяң шақта жұрт жұдырықтай жұмыла білді. Қарғын судан зардап шеккен аймақтарға қолдау көрсетуде. Қолдағысын бөліп беруде. Барлық құрылым тікесінен тік тұрып, күндіз-түні қызмет етуде. "Астана" телеарнасының ұжымы да халықпен бірге жүр. Тілшілеріміз белуардан су кешіп, көрерменге ақпарат жеткізуде аянып қалып жатқан жоқ. Еліміздегі қиын кезеңді бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жұмыла еңсеру маңызды. Күшіміз бірлікте!