Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау облысында өзен жағасы бекітіліп, бөгеттер нығайтылып жатыр

Атырау облысында су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Су деңгейі 5 метрге дейін көтеріледі деген болжам бар. Қазір аймақта өзен жағасы бекіту, бөгетті биіктету жұмыстары қызу жүріп жатыр. Кей жерлерде еріктілер 24 сағат үзіліссіз еңбек етуде. Мамандар сәт сайын өзенге келіп жатқан су деңгейі туралы ақпарат алып, қырағы отыр.
Бұған дейін Қызылқоға және Жылыой аудандары қызыл су құрсауында қалып, төтенше жағдай жарияланған еді. Аудандарда жағдай әлі тұрақсыз. Екі мыңға тарта тұрғын үй мен әкімшілік ғимарат суға кеткен Құлсары қаласының қалған бөлігін қорғап қалу үшін жанталасуда. Халық Маңғыстау облысы мен Атырау қаласына эвакуацияланды.

Алмажай БИСЕНОВА, ҚҰЛСАРЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Өте жақсы көмектесіп жатыр халыққа. Былай қарағанда бас-басына тентіреп кетті ғой халық деген. Өте жақсы көмектесіп, жылы лебіздерін беріп, сәлемдерін де джақсылап беріп, көмектесіп жатқанына өте ризамыз, аналық алғысымды айтамын осы жігіттерге
Есенбек КЕНЖЕҒҰЛОВ, ҚҰЛСАРЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Кеше де осылай мал-жанды, оның алдында семьямды Теңгизге жіберіп, өзім қалып қойдым ғой осы жерде. Кеше сумен арпалысып, барып, ортада қалып қойдық. МЧС бар, мына жігіттер бар, қайтып шығарды. Бүгін қайтып келіп едім, суы терең сияқты.
Бүгінгі гидрологиялық мониторинг мәліметіне сүйенсек, Жайық өзені деңгейі Индербор гидробекетінде 44, Махамбет кентінде 62, Атырау қаласында 20см-ге көтерілген. Иреклі су қоймасынан секундына 1670 текше метр су жіберіліп жатыр. Облыс аумағына топан су сәуірдің аяғына таман келеді деген болжам бар. Атырау қаласы 105 учаскеге бөлініп, 15 шақырымнан астам бөгет биіктетілді.

Серік ШӘПКЕНОВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:
Жайық өзенінің негізгі құраушысы жоғарыда орналасқан су қорымыз Ресйе федерацмясында орналасқан ол негізі Ирикла су қоймасынан бізге қарай түседі. Сондықтан соңғы жайыққа суды жіберудегі көлемі 3 мың кубтың үстінде метр секундына жіберіп отыр. Сондықтан бұл суға үлкен көлемде келе жатқан біз дайын боулымыз керек,. Махамбет ауданы мен қаланың кіреберісі Бесікті жақ, төменгі жақтардан 1994терде Дамба болған.
Тасқынға тосқауыл жұмысына облыстық бюджеттен 2 млрд теңге қаржы бөлінген. Аймақ басшысы қажет болса, оны да көбейтеміз,- дейді. Бір тиынын да шығын қылмай, есебін беретін де айтты. Ал өңірдегі барлық білім беру мекемелері жұмысы оффлайн жалғаса береді. Тұрғындарға қауіп төнсе, алдын ала ескертетінін айтып, алыпқашпа сөзге ермей, дүрбелең тудырмауға шақырды.