Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркиядағы лаңкестік салдарынан қазақстандық сарбаздардың әскери жаттығулары 2018 жылға шегерілген

  • AstanaTV
  • 25 қаңтар 2017
  • 2606

Әскери тапсырмамен жүрген біздің жауынгер Түркия аумағында қаза тапса, оның отбасына тиісті өтемақы төленеді. Қазақстанда оқыс жағдайға ұшыраған түркиялық сарбаздарға да солай. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары айтты.

Талғат Мұхтаров,  ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:

Бұндай оқиға, өкінішке орай, практикамызда болған, мұндай жағдайда әр мемлекеттің заңнамасына сәйкес, өтемақы төленеді отбасына. Бірақ, егер біздің кінәміз болса, бөлек шарттармен шешіледі жағдай, меморандумда ол мәселе қарастырылған.

Ал Түркияда соңғы кездері лаңкестік оқиғалардың жиілеуінен қазақстандық сарбаздардың әскери жаттығулары 2018 жылға шегерілді,- дейді Талғат Мұхтаров. Арнайы жасақтардың күшімен оқу-жаттығу жиындары өткен жылы өтуі тиіс болған.

Бүгін Мәжіліс Қазақстан мен Түркия арасында арнайы мақсаттағы бөлімшелердің оқу-жаттығулары кезінде өзара түсіністік меморандумын ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады. Мақсат - әскери оқу-жаттығу кезіндегі тараптардың міндеті мен жауапкершілігін айқындау. Қазір Түркияда 50-ге тарта жауынгеріміз әуе қорғанысы мен әскери-теңіз күштері бағытында білім алып жатыр.