Облыс әкімі мен СҚО ТЖД бастығы "Қазавиақұтқару" тікұшағынмен Шал ақын, Ғабит Мүсірепов, Тимирязев, Жамбыл, Айыртау және Есіл аудандарының үстінен облыстың су тасқыны қаупі бар учаскелерін айналып өтті.
Олар Шал ақын ауданындағы су тасқыны жағдайымен егжей-тегжейлі танысып, Ысқақ Ыбыраев және Ақан Барақ ауылдарына барып, ауыл тұрғындарымен кездесті.