АИ-92
маркалы бензин 145 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін. «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
ақпаратттық хабарлама таратып, осындай болжам жасады. Компания хабарлағандай, қаңтарда АИ-92 құнының қымбаттауы көтерме бағалардың өзгеруіне байланысты
болды. Литрға есептегенде, сатып алу құны 3,5,4 теңгеге көтерілді. Ірі жанармай
құю бекеттерінде баға литрі үшін 135-145 теңгеге жетті.
Қаңтар айының басында
мұнай өнімдерінің көлемі осы ай үшін тым төмен болды. Сондықтан импортты
арттыру қажет, ал оның құны Ресейде бағаның өсуіне байланысты көтерілген. Бұл
бөлшек сауда бағаларының литріне 140-145 теңге деңгейіне дейін көтерілуіне
ықпал ететін болады. Дегенмен бағаны теңестірмесе, тағы болмайды. Ол жағдай
мұнай өнімдерін кедергісіз импорттауға мүмкіндік береді, яғни отын тапшылығын
алдын аламыз, - делінген «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ақпаратттық хабарламасында.