Русский Сайттың толық нұсқасы

«Қазгидромет» РМК 9 гидрологиялық дауылды ескерту шығарды

  • AstanaTV
  • 09 сәуір 2024
  • 429

8 - сәуірде «Қазгидромет» РМК Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар облыстары бойынша 9 гидрологиялық дауылды ескерту жариялады. Бұл туралы ОКҚ-да ұйымның баспасөз хатшысы Алина Исмагулова хабарлады.

Мәселен, СҚО бойынша 9-11 - сәуірде Есіл өзені мен оның салаларында еріген су ағынының одан әрі қарқынды қалыптасуы және мұз жамылғысының бұзылуы, су деңгейінің шектік белгілерге дейін күрт көтерілуі күтілуде.

Алматы облысында 9-10 - сәуір аралығында қатты жауын-шашын болжамына байланысты Алматы қаласының таулы және тау бөктеріндегі аудандары мен іргелес аумақтарында беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі, бұл ретте су төгіліп, тасқын болуы мүмкін. Судың еруіне, тұрақсыз жағдайына және қар жамылғысының биіктігіне, сондай-ақ Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде күтілетін қатты жауын-шашынға байланысты қар көшкінінің түсу қаупі сақталады.

Ақмола облысында Жабай өзені -Атбасар қ. гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда. Ол шектік белгіден асып түсті.

Жамбыл облысы бойынша 9-10 - сәуірде қатты жауын-шашынның болжамына байланысты өңірдің таулы және тау бөктеріндегі аудандарында көлбеу ағынның қалыптасуы және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтілуде.

«Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Көшім ауылындағы Көшім каналының гидрологиялық бекетінде тәулік ішінде су деңгейі 35 см-ге көтеріліп, қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін. Павлодар облысында Ертіс өзенінде мұз ағынының өтуі салдарынан өзен арнасында мұз кептелісі пайда болады, су деңгейінің күрт көтерілуі және шектік белгілердің артуы күтіледі», - деп түйіндеді баспасөз хатшысы.