"Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова су тасқыны кезеңінде Қазақстанда ауа райы тұрақсыз болатынын айтты.
"Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр жауады, республиканың солтүстік-батысында солтүстігінде қар аралас жаңбыр жауады", - деді Алина Исмагулова.
Оның айтуынша, күндіз оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда жауын-шашын болады.
"Кейде онда қатты жауын-шашын тіркеледі, қар аралас жаңбыр жауады. Шығыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс облыстарда нөсер жаңбыр жауып, найғазай ойнайды, тек батыста, оңтүстік-шығыста жауын-шашын болмайды. Сонымен қатар Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Солтүстікте көктайғақ болады, оңтүстік, оңтүстік-шығыста дауыл соғып, бұршақ жауады", - деді баспасөз хатшысы ОКҚ-де өткен брифингте.