Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы айт намазының кестесін жариялады.
Ораза айт дегеніміз - Рамазан айынан кейінгі Шәууәл айының бірінші күні, яғни мұсылмандардың маңызды діни мейрамы. Бұл - екі айт мейрамының бірі. Мереке күні мұсылмандар мешітте жиналып жамағатпен айт намазын оқиды. Сонымен қатар, айтта ораза ұстауға тыйым салынады.
Алматыда айт намазы 10 сәуірде сағат 06:30-да, ал Астана мен Шымкент қалаларында сағат 07:00-де оқылады.