Рақымшылыққа
іліккен 48 адам бостандыққа шықты. Қылмыстық атқару жүйесі комитеті осындай
мәлімет берді. Оның 33-і абақтыдан босаса, 15-і пробациялық бақылау тізімінен
алынған. Сондай-ақ, сот шешімі арқылы рақымшылыққа ілінгендердің де
статистикасы белгілі.
Қылмыстық
қудалау органдарымен сотқа дейінгі деңгейдегі 4 383 адамның ісі қысқартылды.
Бас прокуратураның мәліметінше, бұдан басқа 21 қаңтарға дейін елдегі соттардың
шешімімен 701 азаматқа байланысты тергеу ісі қысқартылған. Оның ішінде 308
адамға қатысты заң күшіне енген. Тағы 1 147 жазасын өтеп жатқан сотталушыға
тағайындалған жазадан босату немесе жазасын жеңілдету ұсынысы
қанағаттандырылыпты. Сондай-ақ кінәлі деп танылып, жаза тағайындалған 31 адам
рақымшылыққа ілініп, сот залынан бірден босатылған. Аталған заң прокуратура
ұсынған мәліметке сәйкес күшіне енген күннен бастап 6 айда орындалуы тиіс.
Айбек ҚОСАН