Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда рақымшылыққа байланысты 4383 адамның ісі тоқтатылды

  • AstanaTV
  • 25 қаңтар 2017
  • 2426

Рақымшылыққа іліккен 48 адам бостандыққа шықты. Қылмыстық атқару жүйесі комитеті осындай мәлімет берді. Оның 33-і абақтыдан босаса, 15-і пробациялық бақылау тізімінен алынған. Сондай-ақ, сот шешімі арқылы рақымшылыққа ілінгендердің де статистикасы белгілі.

Қылмыстық қудалау органдарымен сотқа дейінгі деңгейдегі 4 383 адамның ісі қысқартылды. Бас прокуратураның мәліметінше, бұдан басқа 21 қаңтарға дейін елдегі соттардың шешімімен 701 азаматқа байланысты тергеу ісі қысқартылған. Оның ішінде 308 адамға қатысты заң күшіне енген. Тағы 1 147 жазасын өтеп жатқан сотталушыға тағайындалған жазадан босату немесе жазасын жеңілдету ұсынысы қанағаттандырылыпты. Сондай-ақ кінәлі деп танылып, жаза тағайындалған 31 адам рақымшылыққа ілініп, сот залынан бірден босатылған. Аталған заң прокуратура ұсынған мәліметке сәйкес күшіне енген күннен бастап 6 айда орындалуы тиіс.   

Айбек ҚОСАН