Русский Сайттың толық нұсқасы

Зардап шеккендерге көмек ретінде 1 млрд теңге аударады

  • AstanaTV
  • 09 сәуір 2024
  • 330

Еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқынынан туындаған ауыр жағдайдан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында Air Astana тобы Samruk Kazyna Trust қорына 1 миллиард теңге аударады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Компания мәліметінше, топ ұжымы өңірге жіберілетін гуманитарлық көмекті ұйымдастыруда.

Air Astana тобы су тасқынынан зардап шеккен мекендерге гуманитарлық жүктерді тегін тасымалдауды жалғастыруда. Бүгінгі таңда топ Air Astana және FlyArystan ұшақтарымен Алматыдан Оралға және Алматы мен Астанадан Атырауға 8 мың кг гуманитарлық жүкті тегін тасымалдап, алдағы рейстермен қосымша 12 мың кг астам жүк жеткізуді жоспарлап отыр. Гуманитарлық жүкті тасымалдауды одан ары жалғастыруға ниетті, - делінген мәліметте.

Air Astana 9 сәуірде Алматыдан Атырауға және кері орындалатын рейстерден басқа, 10, 11 және 12 сәуір күндері де Алматыдан Атырауға және кері бағытта қосымша рейстерін жүзеге асырады.