Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық филиалында тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды

  • AstanaTV
  • 25 қаңтар 2017
  • 2703

Тобыл өңірін тегін дәрі-дәрмекпен қамтамамыз ету үшін тағы 1 миллиард теңгеге жуық қаражат қажет. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегі осы. Қостанай халқын тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі бүгін билік партиясы мен мәслихат депутаттары өткізген жиында талқыға түсті. Жыл сайын фармацевтика өнімдерін сатып алуға бюджеттен 1 миллиард 500 миллион теңге бөлінеді. Қыруар ақшаға 270 түрлі емдік препарат алынады. Бірақ бұл қаражат науқастарды тегін дәрімен толыққанды қамтамасыз етуге жетпейді. Әсіресе, қант кеселі мен науқасты отадан кейінгі қалпына келтіруге қажет емдік препараттар үлесі тым мардымсыз. Ақ халаттылардың айтуынша, кейбір тиімсіз дәрілерді тізімнен алып тастап, оның орнына аса қажетті дәрі-дәрмекті енгізу керек.

Маргарита Бисенова, Қостанай қалалық № 4 емхананың бас дәрігері:

Демікпе, қысымы тез көтерілетін науқастарға дәрі жетіспей жатады. Ал, тегін берілетін кейбір перапарттардың шипасы да пайдасы да жоқ. Сондықтан біз дер кезінде дұрыс шешім қабылдап, науқастарды қажетті дәрімен қамтамасыз ету арқылы оның өмірін ұзартуға үлес қосқанымыз жөн.

Жиынға қатысқан «Нұр Отан» партиясының депуттатық фракция мүшелері дәрі-дәрмек түйткілін түбегейлі шешу мақсатында өз ойларын ортаға салды. Ұсыныс пікірлерін білдірді. Тіпті бұл мәселені төменгі палатаның тыңдалымына жолдау керек деген ұйғарымға келді.

Екатерина Смышляева, «Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалы депутаттық фракция жетекшісі:


Қаулыда қарастырылғандай, дәрі-дәрмекке қатысты мемлекеттік сатып алуды өткізетін мерзімге өзгеріс енгізілген. Келесі конкурстың нәтижесін жарияламай тұрып, келісім-шартты ұзартуға болады. Яғни мемлекеттік сатып алу өткізілмеген жағдайдың өзінде, үнемі жыл басында байқалатын дәрі тапшылығына жол бермеуге мүмкіндік бар. 

Заңғар САНАЙ