Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау қаласындағы мектептерде сабақ онлайн өтеді

  • AstanaTV
  • 10 сәуір 2024
  • 263

Атырау қаласындағы мектептерде сабақ онлайн форматқа көшірілді.

Атырау қалалық білім бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенованың айтуынша, ата-аналардан сабақты онлайн форматқа ауыстыру туралы өтініш түскен.

«10 сәуірден бастап Атырау қаласының барлық мектептері онлайн оқыту форматына көшеді. Оқу-ағарту министрлігінің №42 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдарының арнайы өткізілген кеңесінің хаттамасымен толықтай онлайн форматқа көшіру туралы шешім қабалданды. Ата-аналардың тарапынан өтініш-талаптардың түскені ескерілді. Қазір мектептерде 6037 педагог жұмыс істейді. Одан басқа қосымша қызметкерлер бар. Онлайн форматқа сабақтың мерзімі алдағы уақытта анықталады», - деп хабарлады Айнагүл Дүйсекенова.

Ал, 45 мемлекеттік балабақшаның жұмысы штаттық режимде жалғаса береді.