Русский Сайттың толық нұсқасы

Еліміздегі 32 спорт федерациясы тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетті

  • AstanaTV
  • 10 сәуір 2024
  • 397

Қазақстандағы 32 спорт федерациясы тосыннан келген табиғи апатқа тап болған аймақтарға материалдық, оның ішінде алтауы қаржылай көмек көрсетті.

ҚР Туризм және спорт министрлігі атап өткендей ведомство «Дала Қырандары» қоғамдық бірлестігімен күш біріктіріп, халыққа бірлесе көмек қолын созып жатыр. Спорт ұйымының өкілдері гуманитарлық көмекті қабылдау және халыққа тарату пункттерін ұйымдастыруда ерікті ретінде еңбек етіп жүр.

Су тасқынына қарсы іс-шараларға 7 700-ден астам сала маманы мен спортшы тартылған. Олардың арасында аралас жекпе-жек шебері Василий Тахтай, грек-рим күресінен Азия чемпионы, Лондон Олимпиадасының қатысушысы Асхат Ділмұхамедов, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Нұрғали Тұрсынғазиев, «Қазақ күресі» ассоциациясының БҚО бойынша президенті Әсет Сұлтанұлы және тағы басқа да танымал спортшылар бар.

«Бес облыста 13 спорт нысаны су астында қалды. Қысқа мерзімде аталған спорт кешендерін қалпына келтіру жоспарланған. Дегенмен халықтың ынтымақ-бірлігінің нәтижесінде бұл тығырықтан да шығарымыз анық. Ел Президенті өз Үндеуінде атап өткендей, зардап шеккендерге мемлекет тарапынан тиісті қолдау көрсетіледі», - деді Ермек Маржықпаев.