Русский Сайттың толық нұсқасы

Қар жауып, 13 градусқа дейін күн суытады

  • AstanaTV
  • 11 сәуір 2024
  • 311

Қазгидромет синоптиктері 11-13 сәуір аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады.

Республика аумағының басым бөлігі атмосфералық фронттардың ықпалында болады.

Осыған байланысты түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр жауады.

11-12 сәуірде еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болжанады.

Республика бойынша түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.

Күндіз батыста, оңтүстік аймақтарда найзағай жарқылдап, орталықта, шығыста және оңтүстік-шығыста екпінді жел соғады.

Ел аумағының басым бөлігінде температуралық фонда айтарлықтай ауытқу бола қоймайды.

Тек солтүстік және шығыс аймақтарда 12-13 сәуірде түнгі уақытта ауа температурасы 1-13 аязға дейін төмендеуі мүмкін.