Русский Сайттың толық нұсқасы

Жалған ақпарат таралмауы тиіс

Елде жалған ақпарат таралмауы тиіс. Әсіресе су тасқыны кезеңінде, халық арасында дүрбелең тудырмау қажет. Бүгін мәдениет және ақпарат вице министрі Қанат Ысқақов осылай деді. Ведомства басшысы деректерге мұқият болу қажеттігін ескертеді. Айта кетейік бүгінге дейін, 28 фейк ақпарат тараған. Әсіресе, ауыз судың ластануы, бөгеттердің бұзылу қаупі сынды қате дәйектер таратылады.

Қанат ЫСҚАҚОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Жалған ақпарат таратпауына барлық БАҚ құралдарын шақырамын. Өйткені өте маңызды дүние. Баршамыз осындай су тасқыны оған қарсы жұмыстар жасалып жатыр. Сондықтан нақты, тексерілген шынайы ақпарат тарату өте маңызды.