Ақтөбе облысы Қобда ауданының тұрғындары үйлеріне оралып жатыр. Өңірде 288 үйге су кірген еді. Қазіргі таңда қарғын судың беті қайтып, халық өз шаңырақтарына келуде. 32 адам дүние мүлкін түгендеуге кіріскен. Аймақтағы тілшіміз Бақыт Қазанғапқызының материалы.
Баян Накешованың үйіне 80 см су кіріпті. Тасқын беті қайтқан соң олар баспанасына оралып, ішін қалыпқа келтіре бастады. Дүние мүлік бүлінгенімен бастысы басымыз аман дейді.
Баян НАКЕШОВА, ҚОБДА АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Биыл екінші жыл суға кетіп тұрғанымыз былтыр көмектесті үкімет жәрдемақы берді. Соған былтыр ремонт жасадық. Шкатурить еттік цементпен келмейді шығар енді деп былтыр 30-40 см кірген соң, ойладық содан аспайды деп.
Өңірде бір жарым мыңнан астам үй бар. Тасқын кезінде 288 үй және он әкімшілік ғимарат су астында қалды. Қазір 40 адам эвакуациялық бекетті паналап отыр. 30 шақты отбасы өз шаңырағына оралды. Ауданда тасқыннан зардап шеккен отбасылардың бүлінген мүліктерін есепке алуға қатысты комиссия жұмыс істеп жатыр.
Ізгілік ТЫНЫМГЕРЕЕВ, ҚОБДА АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:
Қазір техникалық зерделеу обследование жүріп жатыр. Каждый үйге барып, үйдің жарамдылығы бойынша бізге заключение береді. Содан кейін барып оценкасын шығарып адамдарға тиісті заңға сәйкес компенсация берілетін болады.
Су тасқынынан 25 үй қираған, 12 үй апатты жағдайда. Баспанасыз қалған тұрғындарға жаңа үй салып беру мәселесі шешіліп жатыр.