Русский Сайттың толық нұсқасы

Демалыс күндері мамырдағы мереке күндеріне ауыстырылады

  • AstanaTV
  • 11 сәуір 2024
  • 222

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "2024 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы" бұйрық дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Демалыс күнін 2024 жылғы 4 мамырдағы сенбіден 2024 жылғы 8 мамырдағы сәрсенбіге ауыстырыңыз", - делінген құжатта.

Осылайша, қазақстандықтар үш күн қатарынан, яғни 2024 жылдың 7, 8 және 9 мамыры демалады. 7 мамырда Отан қорғаушылар күнін және 9 мамырда Жеңіс күнін тойлайды.