Русский Сайттың толық нұсқасы

Еуразиялық Экономикалық одақ елдері темір жолдағы сапа стандарттарын бір жүйеге келтірмек

  • AstanaTV
  • 03 наурыз 2016
  • 1786

Еуразиялық экономикалық одақ елдері темір жолдағы сапа стандарттарын бір жүйеге келтірмек. Бұл туралы Одаққа мүше мемлекеттің теміржолшылары қатысқан жиында айтылды. Қазақстан темір жолы компаниясының басқарушы директоры Серік Төлебаев бұл туралы арнайы келісімге қол қойылатынын айтты. Стандарттар біріздендірілсе, жолаушыларға көрсетілетін қызметтің сапасы артады десті отырысқа қатысқандар.

Валентин Гапанович, «Ресей темір жолдары» ААҚ вице-президенті: 

Жолаушылар сапа талап етеді. Сол сапаны жасау үшін біз жаңа нормативтік база жасайтын боламыз. Ортақ стандарттар Қазақстан, Ресей, Белоруссия және Қырғызстан жолаушыларына сапалы қызмет көрсету үшін жасалады. Бұл елдердің арасындағы келісімге қол қойып отырғандағы мақсат - осы. 


Айгүл ӘДЕПБАЙ