« Тосыннан келген топан су Тобыл өңіріндегі талай мекеме қызметкерлерін аяғынан тік тұрғызды.Бірінші кезекте құтқарушылар білек сыбанып, тойтарыс жұмыстарына кірісті. Олар осы уақытқа дейін облыс көлемінде 9 мыңнан астам адамды қауіпсіз жерге жеткізген. Дәурен Асқарұлы 10 жылдан бері төтенше жағдайлар департаментінде жұмыс істеп келеді.Басқарма басшысы осы уақыт аралығында 5 рет су тасқынына тойтарыс беру шараларына қатысып, етікпен су кешіп ел-жұртты құтқарған.
Дәурен АХМЕТҚАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Су тасқыны түнде келеді.Сағат он екіде, үште, төртте. Адамдарды шығарып аман сау.Қарамаймыз.Күн болсын, түн болсын.Су салқын болсын ештемеге қарамай ең бірінші міндетіміз адамды құтқару.
Қарғын суға қарсы күрес жұмыстарына 3 мыңға жуық адам,400 техника, 4 тікұшақ жұмылдырылды. Қызылорда,Қарағанды, Астанадан келген құтқарушылар қол ұшын созды. Ел басына күн туғанда, жүздеген полицей,сарбаздар, мыңдаған ерікті көмекке келді. Біріккен күш біте қайнасып, 9 мыңнан астам тұрғынның аман қалуына атсалысты.Оның екі мыңға жуығы- бала.
Асылбек САДУОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Табиғи апат болғанан кейін жаңағы шама келгенше ел болып, жұрт болып бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып қызмет еттік.Енді Қостанай облысы бойынша кішкене тұрақты болды деп айтуға болады.Халқымызға сабыр берсін.Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.