Павлодарлықтар Ақмола облысына гуманитарлық көмек жөнелтті. Жиыны 15 тоннаға жуық қажетті заттар тасқыннан зардап шеккендерге елдімекендерге таратылады. Ішінде азық-түліктен басқа тұрмысқа қажеттінің бәрі бар. Гуманитарлық көмекті жинауға мәслихат депутаттары, Қазақстан Халқы Ассамблеясының өкілдері және өңір тұрғындары белсенді ат салысты. Еріктілер жан-жақтан келген көмекті жинап, қаттап жүк көліктеріне тиеу жұмыстарын атқарды. Көмектің ұйымдастырылуына облыстық мәслихат пен «AMANAT» партиясының облыстық филиалы мұрындық болды.
Болатбек ОРАЗБАЕВ, ҚХА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ҚЫРҒЫЗ ЭТНО-МӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Киім кешек, балдардың киімдерін содан басқа тамақ ас жіберіп отырмыз. Осындай жағдайда бір-бірімізге көмектесіп, Бірлік бар жерде тірлік бар деген. Сол жағдайды істеп жатырмыз.
Илья ТЕРЕНЧЕНКО, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ:
Біз бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан үлкен отбасымыз. Ең бастысы осындай сәтте бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып біріге алуымыз маңызды. Сондықтан, барша жерлестерімізді, кәсіпкерлерді, партияластарды осындай игі іске ат салысуға шақырамын.