Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәслихат депутаттары гуманитарлық көмекті әділ бөлуге атсалысуда

Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынына қарсы күреске барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары да бір кісідей жұмылып ат салысып жатыр. Олар қиналған тұрғындарға қаржылай көмектесіпті. Эвакуациялық орталықта жүкті келіншектер мен көпбалалы әйелдерге пәтер жалдап қол ұшын созған. Енді олар еліміздің аймақтарынан жеткізілген гуманитарлық көмекті әділ таратуға күш салуда. Арнайы комиссия құрған. 

 Ербол САЛЫҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:

Жағажайларды бекіту, мынау жаңағы судың басын бұру, біздің өңірлерімізден келіп жатқан гуманитарлық көмекті бөлу, соны қабылдау бөлу жұмыстарына облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттардың да депутаттары өз үлестерін қосып, басында күні-түні жүріп жатыр.