Русский Сайттың толық нұсқасы

СҚО-да су тасқыны жағдайы тұрақты бақылауда

  • AstanaTV
  • 14 сәуір 2024
  • 491

Қазіргі кезде Сергеев су қоймасы 162% толып, су бөгет шыңынан 3 метр 15 см асты, тәулік ішінде 35 см төмендеді.

«Есіл өзенінде су деңгейі жоғарылауда, осы орайда өзен жағасының маңында орналасқан Қызылжар ауданының елді мекендері мен Петропавл қаласында үйлерді су басу деректері тіркелген», - деді СҚО ТЖД Ақпараттық- аналитикалық тобының бас маманы Жазира Қожахметова ОКҚ алаңында өткен брифингте. 

Қазіргі сәтте облыста 980 үй және 1010 үй маңындағы аумақтарды су басқан. Негізгі соққы Қызылжар ауданының Тепличное, Затон, Прибрежное кенттеріне келді, оларда 432 үйді су басып, 1511 адам эвакуацияланды. 

Петропавл қаласының Хромзавод және Ойқала шағын аудандарында тәулік ішінде 170, ал су тасқыны басталғаннан бері 305 үйді су басты. Олардан 2570 адам эвакуацияланды. Көшірілген адамдар эвакопункттер және туыстарында орналастырылды.  

«Жалпы облыс бойынша 5358 адам эвакуацияланды, олардың 1544 -і балалар. Тәулік ішінде 1644 адам эвакуацияланды, олардың 413 бала. 44 адам үйлеріне оралды (оның 8 бала). 3187 бас мал қауіпсіз жерлерге көшірілді», - деді спикер.


@ortcom_kz #CCS