Русский Сайттың толық нұсқасы

9 мыңнан астам энергетик тартылды

  • AstanaTV
  • 14 сәуір 2024
  • 466

Төтенше жағдайды жоюға 9 000-нан астам энергетик маман тартылған

ҚР Энергетика министрлігінің өкілі Республикалық ақпараттық штабта су басқан өңірлердегі электр желілерінің жай-күйі туралы айтып берді. Шыңғыс Ілиясовтің айтуынша, еліміздің бірқатар өңірінде оң динамика байқалады. Қостанай облысында ажыратылған абоненттер саны 5 мыңнан 1 мыңға дейін, Ақтөбе облысында 5,5 мыңнан 103 абонентке дейін қысқарды. Батыс Қазақстан облысында абоненттер саны 4 есеге, ал Атырау облысында 3 есеге азайды. 

«Төтенше жағдайды жоюға 9 000-нан астам энергетик маман, 2 145 бірлік арнайы автотехника қатысуда. Электр энергиясының 414 мобильді көзі бар. Алдағы кезеңде кернеулердің әртүрлі класстарындағы электр беру желілерінің 1 867 тірегін қалпына келтіру қажет. Салдарды жою үшін барлық қажетті материалдар бар», - деді ҚР Энергетика министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Ілиясов ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Петропавл қаласын сумен қамтамасыз ететін су қабылдағышты электрмен жабдықтауға қатысты Энергетика министрлігінің ресми өкілі «Қызылжар Су» ЖШС су тартудың 1 көтергішін электрмен жабдықтау 4 желіден жүзеге асырылатынын айтты. Есіл өзеніндегі су деңгейінің күрт көтерілуі және 11, 12 сәуірде мұздың көтерілуі нәтижесінде барлық 4 қуаты зақымдалды. 

«Трансформатор мен дизель генераторы жеткізілді, бірақ сорғының су басуына байланысты Пестрое көлінде жаңасы орнатылды. Электр бөлігі орнатылып, кернеу берілді. Механикалық бөлікті бүгін шамамен 16 сағатта аяқтау жоспарлануда», - деді Ш.Ілиясов.