Русский Сайттың толық нұсқасы

Жолдама саны 32-ге жетті

  • AstanaTV
  • 14 сәуір 2024
  • 414

Қазақстан құрамасының лицензия саны 32-ге жетті

Ұлттық құрама спортшысы Жанна Мамажанова Роттердамдағы марафонда Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жанна жарыс жолын 2 сағат, 26 минут 42 секундта бағындырып, Қазақстан рекордын тіркеді.

Айта кетейік, 13-14 сәуір аралығында өткен бұл марафонға 17 мыңнан астам адам қатысты 

Қазір Қазақстан делегациясында 12 спорт түрінен 32 лицензия (30 спортшы) бар.