Русский Сайттың толық нұсқасы

Аида Балаева әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігіне қатысты жаңа заңды түсіндірді

"Мемлекет отбасы ісіне тек баланың өмірі мен денсаулығына қатер төнген жағдайда ғана араласып, бала құқығын қорғайды". Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігі туралы қабылданған заңға қатысты жолдаған бейнеүндеуінде осылай деді. Ол құжаттың мән-маңызын айтып, енгізілген өзгерістерді түсіндірді. Онда отбасы негіздерін күшейту мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған жаңа нормалар бар. 

Аида БАЛАЕВА, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІ:

Республикалық отбасын қолдау орталықтары туралы арнайы норма қарастырылды. Өйткені осы уақытқа дейін әртүрлі жағдайда жұмыс істеп келді. Ендігі жерде бұл орталықтар мемлекеттік отбасы саясатын соның ішінде некені сақтап қалу, қиын жағдайға душар болған мүшелерін қолдау, зорлық-зомбылық көрген жандарды қамқорлыққа алу сияқты нақты міндеттерді атқарады.