Русский Сайттың толық нұсқасы

Сарапшылар қазақстандықтарды мемлекеттік органдардың әрекетіне байланысты сотқа жүгінгені үшін төлейтін баж салығынан босатуды ұсынды

  • AstanaTV
  • 27 қаңтар 2017
  • 2628

Қазақстандықтар мемлекеттік органдардың әрекетіне байланысты сотқа жүгінгені үшін баж салығынан босатылу керек. Президент үндеуі талқыланған жиында Мемлекет тарихы институтының ғылыми қызметкері Еркеш Нұрпейісов осылай деді. Профессор сөз барысында Елбасының сот жүйесі халыққа барынша қолжетімді болу керек деп айтқанын еске салды. Алайда, қарапайым тұрғындар бұл қызмет құны қымбат процесс болғандықтан, көбіне бұған жүгіне қоймайды. Осы ретте көпшілік мемлекеттік бюджетте азаматтар үшін келтірілген шығынды өтеуге арнайы соманың болатынын да білмейді. Сондықтан жылдағы қаражат игерілмей қалады,-дейді Нұрпейісов.

Еркеш Нұрпейісов, ҚР БҒМ мемлекет тарихы институтының бас ғылыми қызметкері:

Әсіресе, кейбір тұрғындардың қандай да бір шенеуніктің болмаса мемлекеттік органның әрекетіне шағымдана алмайтыны өкінішті. Егер одан жер телімін алып алса, қазір оның бағасы қанша тұратынын жақсы білесіздер, мемлекеттік баж салығын ол сол соманың пайызына қарай төлеу керек. Мен бұл салықтан босатуды және тегін заңгерлік кеңес беруді ұсынамын. Бұл  мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілікті сезінуіне итермелейді.

Еркеш Нұрпейісов бұл ұсынысын конституциялық реформаның құрылуында ескеруді сұрады. Естеріңізге салайық, жалпыхалықтық талқылау 26 ақпанға дейін жалғасады. Кез келген қазақстандық өз өтініші мен ұсынысын электронды пошта арқылы жолдай алады. Мекенжайы Ақорданың ресми сайтында жарияланған. 

Айбек ҚОСАНОВ