Билік
өкілеттігін бөлісу - дер кезінде көтерілген мәселе. Мемлекеттік басқару
тармақтарына қатысты Президенттің бастамасын қолдаған Үкіметтік емес ұйым
өкілдері осындай пікірде. Бірқатар қоғамдық ұйымдардың жетекшілері Үкімет пен Парламенттің міндетін күшейтудің
маңызы зор деп отыр. Ол жұмысты сапалы жүргізуге мүмкіндік бермек. Қоғам
белсенділері оң өзгерістердің шарапаты үкіметтік емес ұйымдарға да тиеді деген
сенімде. Жауапкершілік нығайып, қоғамдағы барша азаматтар мұны сезінеді деген
ойларын жеткізді. Бастаманы еңбек ұжымдары да қолдайды,-деді кәсіподақтар
орталығының жетекшісі.
Сәрсенбай
Мыңбаев, Астана қаласы кәсіподақтар орталығының төрағасы:
Жұмысшы
тобы құрылып еңбек адамдарының ұсынысын жинауға кірісті, өз ұсыныстарымызды
сараптап жібереміз. Еңбекші халық кәсіподақ үндеуді қолдауға дайын, үн қосуды
жоспар етіп қойып отырмыз.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА