Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәскеуге жұмыс іздеп барып, құлдыққа түскендер көбейді

  • AstanaTV
  • 27 қаңтар 2017
  • 3500

Соңғы уақытта Мәскеуге жұмыс іздеп барып, құлдыққа түскен отандастарымыз туралы ақпараттар көбейді. Мысалы, жақында басылымдарда 8 ай күңдікте жүріп, зорға қашып құтылған Несібелі Ибрагимова жайлы деректер жарияланды. Ал біздің тілшілеріміз Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы Жәнібек Қаныбек есімді азаматты тапты. Ол да Мәскеуде екі жылдай құл сияқты өмір сүрген. Жуынды жеп, таяқ жеп, қорлық көрген уақыты әлі күнге жан азабына салады.

Жәнібек Қаныбек, Шымкент қаласының тұрғыны:

2-3 қап нан алып келеді. Соны келіп бір рет төк деді. Төксем, көгеріп кеткен нандар. Соны төккізіп, қыздарға бетін тазалатқызады. Сол нанды турап бізге береді. Кейін өздері тамақ ішкенде күріш-пүріш қалып кетеді ғой, соны тамақтың арасына араластырып жібере салатын. Екі жылдың көлемінде солай тамақтанып, солай ішіп жүрдім.

Құлдыққа түскен отандас туралы ертең, сенбі 20.00-де, «Біздің уақыт» ақпарат-сараптамалық бағдарламасынан көре аласыздар!