Русский Сайттың толық нұсқасы

«Шектеуден тыс: Аутизм жолындағы мүмкіндіктерді кеңейту» атты халықаралық конференция өтті

Астанада «Шектеуден тыс: Аутизм жолындағы мүмкіндіктерді кеңейту» атты Халықаралық конференция өтті. Мақсат – аутизм спектрінің бұзылыстары туралы қоғамның хабарын арттыру, диагностикалау және аутизм бар балаларды қолдау. Конференцияға инклюзивті білім беру және оңалту саласындағы АҚШ, Франция, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің сарапшылары қатысып іс-тәжірбиелерімен бөлісті. Бұған қатысу үшін 150-ден астам ата-ана және 900 маман тіркелген. . Қазақстанның 6 қаласынан, сондай-ақ Өзбекстан мен Қырғызстаннан шамамен 820 адам конференция тыңдаушысы болды. Шараның онлайн көрсетілімін 250 адам тамашалады.

 Майкл МЮЛЛЕР, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ТАЛДАУ ҰЙЫМЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ, ДӘРІГЕР:

«Autism Speaks-те біз аутизм бар адамдар үшін инклюзивті әрі әділ әлем құруға тырысамыз және олар өз әлеуетін толық аша алуы үшін жұмыс істейміз. БҰҰ мәліметіне сәйкес дүние жүзінде 80 миллион адамда аутизм бар. Аутизм бар адамдар қауымдастығын қолдау үшін біз бәріміз өмір бойы жауапты боламыз. Біз аутизм және адам құқықтары қызметтерін ілгерілету бойынша көшбасшы құқық қорғаушылар желіміз арқылы 40-тан астам елдің құқық қорғаушылары мен үкімет министрлерін біріктіреміз.