"AMANAT" партиясы үйін су басқан оралдықтарға 150 тоннаға жуық гуманитарлық көмек берді. Дағдарған халыққа медет болған бұл жәрдемді партияның Астана, Алматы, Жетісу, Шымкент, Қызылорда облыстарындағы филиалдары жіберген. Оралға келген азық-түлік сұрыпталған соң, отбасылардың қажеттілігіне қарай теңдей бөлініп, таратылады. Бұл үшін зардап шеккендер тиісті құжатын көрсетсе жеткілікті. Қазір көмек алушылардың тізімі реттелген. Яғни үйін су басқан соң, пәтер жалдап немесе туыстарын сағалағандарға ғана көмек беріледі. Өйткені эвакуациялық орталықты паналаған тұрғындар ішім-жем, өзге де керек-жарақпен толық қамтамасыз етілген. "AMANAT" партиясының атсалысуымен бес күнде 2 мыңға тарта отбасы азық-түлікпен қамтылды. Әр отбасыға 30 кг ұн, 5 литр шемекі май мен қант, қарақұмық, макарон өнімдері беріледі. Бұл азық-түлік қоры бір аптаға жетеді деп жоспарланған.
Афиза СЕМҒАЛИЕВА, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ БҚОФ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Бірінші күні біз бұл жұмысты журнал арқылы ұйымдастырып едік. Өкінішке орай, бір отбасыдан бірнеше адам алып кеткен фактілер де болды. Сондықтан қазіргі таңда біздің бағдарламашыларымыз арнайы база дайындап, бір адрестен тек қана бір отбасыға көмек беріліп, бұл жұмыс реттеліп, жүйеленді.
Ал павлодарлықтар Петропавлға тағы да гуманитарлық көмек жөнелтті. Бұл жолы жалпы салмағы 60 тонна болатын 3 жүк көлігі аттанды. Көмектің негізгі бөлігін азық-түлік пен көрпе жастық құрайды. Одан бөлек гигеналық заттар, құрал-сайман, су етік секілді аса қажетті дүниелер бар. Ертіс Баян өңірі 12 сәуірден бастап тасқынан зардап шеккен аймақтарға күн сайын көмек жіберуде. Ал оның Солтүстік Қазақстан облысына жетуіне жүк көліктерінің жүргізушілері өз мойнына алған. КаМАЗ-дардың барып келу шығыны мен жүктің жарты бөлігін өз қалталарынан көтеріпті. Тасқынға тап болған өңірлерге 150 тонна болатын көмек жөнелтілді.
Нұрболат ЖАЙЛАУБАЕВ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:
өзіміз де көмек көрсетейік деп тегін ұсынып отырмыз. АЗС-тер бар. Оларда бізге шығып, жанармаймен тегін қамтамасыз етіп, біз өз жағымыздан машина бердік. Олар бізге тегін жанармай беріп жатыр.
Айдар ҚҰРЫМБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Жұмыла көтерген жүк жеңіл - дейді. Осы бәріміз бірлесіп, Ертіс-Баян өңірінен партияластар, қоғам белсенділері жастар бәрі қосылып, Петропавл еліне гумкөмек көрсетіп отырмыз. Павлодардың тұрғындары, жерлестеріміз бәріміз ат салысамыз. Керек болса, тағы жібереміз.