Бір
жыл бойы шешілмеген мәселе «Нұр Отан» партиясының араласуымен бір күнде шешімін
тапты. Батыс Қазақстан облысындағы Подстепный ауылының тұрғыны, көпбалалы ана
Күлән Жанатова жаңадан салған үйіне газ өткізе алмай бір жыл қиналып жүрген.
Бір-біріне сілтеген газ берушілердің қылығынан түңілген қария ақырында
"Нұр Отан" партиясының көмегіне жүгінеді. Бұл іске партия араласқасын
газ берушілер көгілдір отынды екі аптаның ішінде жүргізіп беріпті. Бірақ
мамандар газ есептеу құрылғысына пломба орнатуды ұмытып, салғырттық танытады.
Жауапты мекемелерден қайран болмаған соң, тағы да «Нұр Отан» партиясының қоғамдық
қабылдау бөлмесіне барып, мұңын шағады. Тұрғындар тілегін аяқасты етпеген
партия бұл жолы да қарияның өтінішін 15 минуттың ішінде шешіп берген. Қуанышы
қойнына сыймаған көпбалалы ана халықтың мұңына құлақ түрген нұротандықтарға
ризашылығын білдірді.
Күлән
Жанатова, Подстепный ауылының тұрғыны:
2015-тің
қазан айынан газ кіргізе алмай жүргенімде маған "Нұр Отан"
көмектесті. "Нұр Отанның" арқасында газ кіргіздім. Пломба қойғыза
алмағанымда, маған тағы да "Нұр Отан" көмектесіп, маған пломбыны
салып берді. Көп-көп рахметімді айтам, Елбасымызға да, "Нұр Отанның"
ұжымына да.
Жалпы
"Нұр Отан" партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінен көмек сұрағандар
қатары көбейіп отыр. Әрі жыл өткен сайын халықтың өтініштері өзгеріп тұрады.
Мәселен, 2015 жылы тұрғын үй мен жер телімдерімен қамтамасыз ету мәселелері басты
орында тұрса, былтыр жұмыссыздық, еңбек даулары жиілеген, - дейді партияның
қоғамдық қабылдау бөлмесінің өкілдері.
Гауһар
Шайхыниязова, "Нұр Отан" партиясы БҚО филиалы қоғамдық қабылдау
бөлмесінің меңгерушісі:
Өтініштерді
саралай келе, қоғамдық қабылдау бөлмесіне келіп түскен өтініштер - жұмыссыздық,
әлеуметтік қамтамасыз ету және тұрғын үй, жер телімдерімен қамтамасыз ету
мәселелері - басты орында тұрғанын атап өтеміз. Қоғамдық қабылдау бөлмесіне өткен
2016 жылы облыс бойынша 3020 өтініш түсті, оның 920-сы өзінің оң шешімін тауып
отыр.