Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанадан ұшатын Fly Dubai рейстері тоқтатылды

  • AstanaTV
  • 17 сәуір 2024
  • 175

Астана халықаралық әуежайы Fly Dubai және Air Astana әуекомпанияларының рейстер кестесіндегі өзгерістер туралы хабарлады.

Әуежайдың хабарлауынша, Fly Dubai әуекомпаниясының бүгінге ұшып келуге жоспарланған FZ1303 және FZ1307 рейстері, сондай-ақ ұшуға жоспарланған FZ1304 және FZ1308 рейстері тоқтатылды.

Сонымен қатар Air Astana әуекомпаниясының Дубай–Астана бағытындағы кешіктірілген кешегі KC2060 рейсі бүгін ұшырылады.

«Таңертең сағат 07:25-те Астана-Дубай бағыты бойынша KC205 рейсі жүргізілді. Аталған рейс Астана қаласына түнгі уақытта ұшып келеді. Жолаушылар рейстер туралы ақпаратты және олардың кестедегі ықтимал өзгерістері туралы мәліметті әуекомпаниядан, сондай-ақ Астана халықаралық әуежайының ресми сайтынан www.nn-airport.kz немесе тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығынан 8 (7172) 702-999 біле алады», - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.