Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда 135 адамды кене шақты

  • AstanaTV
  • 17 сәуір 2024
  • 532

Олардың арасында 84 бала бар,-деп хабарлайды 24 КZ.

Бұл жөнінде қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлімдеді. Қазір – кене көбейетін мезгіл. Зиянкес жәндік кене энцефалиті, баррелиоз сынды қауіпті инфекцияларды таратады. Дәрігерлік көмекке жүгінген барық тұрғынға иммуноглобулин екпесі салынды.

Жыл басынан бері кенеден келетін инфекциялық ауруларға шалдығу дерегі тіркелмеген.

Мамандар: «аталмыш жәндік шаққан жағдайда дереу қалалық травматологиялық пунктердің біріне бару керек», – дейді.

Мамыр айында қаладағы барлық саябақта зиянкестерге қарсы санитарлық іс-шара өткізіледі.

Айнұр Аққошқарова, қалалық дезинфекция орталығы директорының орынбасары:

- Дезинфекция орталығында 2 бригада жасақталды. Қаладағы саябақтар мен жасыл желекті аймақтардың барлығында зиянкестерді улау жұмысы жүреді. Ол үшін заманауи термогенераторлар мен дәрі шашатын құралдар қолданылады.