Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау облысында әкімдік су тасқыны кезінде 54,5 млн теңгеге бәйге өткізбек болған

  • AstanaTV
  • 18 сәуір 2024
  • 505

Атырау облысында әкімдік су тасқыны кезінде 54,5 млн теңгеге бәйге өткізбек болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ат жарысын өткізу туралы хабарландыруды мемлекеттік сатып алулар сайтында дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы жариялаған. Өтініштер 9-30 сәуір аралығында қабылданатыны көрсетілген. Басқарма бұл бәйге үшін 54,5 млн теңге бөлуді жоспарлаған. 

Бәйге туралы ақпарат БАҚ пен желілерде жарияланған соң жоспарланған "Ұлы дала тұлпары" бәйгесі өтпейтін болды. Қазір мемлекеттік сатып алулар сайтындағы аталмыш хабарландырудың мәртебесі "сатып алудан бас тарту" болып өзгертілген.