Русский Сайттың толық нұсқасы

МӘМС арқылы қандай медициналық қызметтерді алуға болады

  • AstanaTV
  • 18 сәуір 2024
  • 274

МӘМС жүйесінде сақтандырылған адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру ұсынатын медициналық көмектің кеңейтілген спектріне ие болады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.

МӘМС келесі медициналық қызметтерді қамтиды: профилактикалық медициналық тексерулер; учаскелік дәрігердің нұсқауы бойынша арнайы маманданған дәрігердің қабылдауы және кеңес беруі; созылмалы дертке шалдыққан жандардың бейінді мамандардың бақылауында болуы; уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы нысанда стоматологиялық көмек көрсету; халықтың белгілі бір категориясына шұғыл және жоспарлы түрде стоматологиялық көмек көрсету; диагностикалық қызметтер, оның ішінде лабораториялық диагностика (УЗИ, рентген, КТ, МРТ); мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы, стационарлық медициналық көмек; медициналық оңалту; стационарда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.