Русский Сайттың толық нұсқасы

Су тасқынынан зардап шеккен 5,8 мыңнан астам отбасына мемлекеттік қолдау көрсетілді

Су тасқынынан зардап шеккен 6 мыңға жуық отбасына мемлекеттік қолдау көрсетілді. Арнайы құрылған өңірлік комиссияларға Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарының тұрғындарынан 13 577 өтініш келіп түскен. Нәтижесінде 5 803 отбасы 369 200 теңге көлемінде біржолғы төлем алды. 877 отбасыға келтірілген материалдық шығын үшін жалпы сомасы 380 млн теңге өтемақы төленді. Ал мал шығыны үшін берілген өтемақының жалпы сомасы 38,9 млн теңгеге жетті. Сондай-ақ 197 отбасыға баспаналарын жөндеу үшін 218,6 млн теңге қаражат бөлінді. 33 отбасы жаңа баспанаға ие болды.