Елімізде Саха Республикасының мәдени күндері өтуі мүмкін. Оның аясында өнер және спорттық шаралар ұйымдастырылады. Сол арқылы Якутияның инвестициялық, туристік әлеуетін таныстыру жоспарланған. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Саха Республикасының басшысы Айсен Николаевпен өткен кездесуде айтты. Жиында бұдан бөлек ауыл шаруашылығы, кен өндіру өнеркәсібі мен цифрландыру және туризм салаларындағы мәселелер талқыланды.
Қасым-Жомарт, ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Біз өзара қарым-қатынас пен ынтымақтастық перспективаларына зор ықыласпен қараймыз. Сіздің Республикаңызға, якут халқына деген құрметіміз ерекше. Қос халыққа ортақ дүниелер көп. Сізбен бірге құрамында іскерлік топтар мен мәдениет өкілдері бар үлкен делегация келгенін айрықша атап өткім келеді.