Русский Сайттың толық нұсқасы

Астана мектептерінде атыс болатыны жайлы жалған хабар тарады

  • AstanaTV
  • 19 сәуір 2024
  • 246

Астанада мектептерде атыс болатыны жайлы хабардан кейін Астана полиция департаменті мәлімдеме жасады. 

Кеше әлдебір Telegram каналда Астананың бірқатар мектебінде атыс болатыны жайлы ескерту айтылды.

«Полиция департаменті мессенджерлерде, соның ішінде Telegram-да қала мектептерінде терроризм қаупі туралы кең таралған жарияланым шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Білім беру ұйымдарын тиісті қызметтер тексеріп шықты» деп хабарлайды Астана ПД баспасөз қызметі.