Русский Сайттың толық нұсқасы

5 миллионнан астам адам қауіпті вирус жұқтырған

  • AstanaTV
  • 19 сәуір 2024
  • 444

Панамерикалық Денсаулық сақтау ұйымы Америкада биыл 5,2 миллионнан астам адам денге вирусын жұқтырған деген дерек береді, деп хабарлайды Reuters.

Бұл өткен айдағы мәліметтен 48% көп. Денге вирусын масалар таратады. Одан биыл 1800-ден астам адам көз жұмған.

Панамерикалық Денсаулық сақтау ұйымының басшысы Жарбас Барбоза денге ауруының Америкада «төтенше жағдай» тудырып отырғанын айтты. Оның дерегінше, вируспен ең көп ауырған - Аргентина мен Бразилияның халқы.