Русский Сайттың толық нұсқасы

Депутаттар Елбасы Жолдауын халыққа түсіндірмек

  • AstanaTV
  • 31 қаңтар 2017
  • 2373

Парламент депутаттары өңір-өңірлерді аралап Елбасы Жолдауын халыққа кеңінен түсіндіру жұмыстарына кіріседі. Бұл туралы Мәжілістегі «Нұр Отан» фракциясының жиынында айтылды. Ақпанның 2-мен 10 аралығында фракция мүшелерінің аймақтарға сапары жоспарланған. Мәжілісмендер Президент Жолдауының негізгі ережелерін, сондай ақ «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңнаманы қалың бұқараға жеткізбек.

Омархан Өксікбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Халықпен ақылдасатын мәселеміз - бұл Елбасының Қазақстан халқына жіберген Жолдауын, саяси реформаларды талқылап, оның қандай нәтиже беретіндігін, және мемлекет басқару жүйесіндегі жетілдірудегі маңыздылығын талдау болады. Бұл азаматтарға қандай артықшылықтары барын түсіндіруіміз керек.