Арқалықта тасқын судан зардап шеккен 27 отбасыға пәтер сатып алынды. Сондай-ақ Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарындағы отбасыларға пәтер кілті табысталды.опан су басқан өңірлердегі әкімдіктер жаңа құрылыс салу үшін жер телімдерін таңдауда. Қазір Ақтөбе облысында тұрғын үй құрылысы басталып та кетті. Үкімет зардап шеккен азаматтарды қолдау тетіктерін әзірледі. Егер комиссия тұрғын үйді қалпына келтіру жарамсыз деп таныса, жаңа тұрғын үй салу немесе дайын жылжымайтын мүлік сатып алуға мүмндік береді.
Қанат ШАРЛАПАЕВ, ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРІ:
Сіз жобаға сәйкес баспананы өз өңіріңізден таңдай аласыз. Жалғыз баспанасынан айырылған саяжай тұрғындарында баспанамен қамтамасыз ету үшін мемлекет қолдау көрсетеді. Бұл жұмыс зардап шеккен әрбір азамат жаңа баспанаға ие болғанға дейін жалғасады.