Русский Сайттың толық нұсқасы

Олимпиада кезінде спортшылар көбінесе француз азық-түлігін тұтынады

  • AstanaTV
  • 19 сәуір 2024
  • 366

Париж Олимпиадасы кезінде әлем спортшылары тұтынатын азық-түліктің 80 пайызы Францияда өндірілуі керек.

Бұны Жазғы ойындарға тағам жеткізетін «Каррефор» компаниясы мәлімдеді. Оның сөзінше, атлеттерге қажетті азық-түлік Олимпиада деревнясынан 250 шақырымға жетпейтін фермаларда өндіріледі. Себебі мұндай жағдайда сол өнімді тасымалдаудан ауаға тарайын улы газ азаяды.

Сонымен қатар, Олимпиадаға қатысушыларға ет-сүт өнімдері 2021 жылмен салыстырғанда екі есе аз беріліп, вегетариандық ас мәзірі көбірек ұсынылмақ,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы.