Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде су тасқыны кезінде өлген мал үшін өтемақы төлене бастады

  • AstanaTV
  • 20 сәуір 2024
  • 454

Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне су тасқыны салдарынан өлген 165 бас мал үшін 25 миллион теңге аударылды, деп хабарлайды облыс әкімдігі.

Жалпы, өңірде 3232 бас мал өлді деген дерек тіркелді. Өртелген 3120 малдың көбі арнайы құрылғы - инсенератормен жойылған.

Кешегі күннен бастап мал иелеріне өтемақы төлеу басталды. 165 бас малға 25 миллион теңге қаражат бөлінді. Өтінімдерге сәйкес барлығы өтеледі. Шығынның дені – Ойыл ауданында, - дейді облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембай.

Ойыл ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Асхат Шахаров мал өлекселерінің утилизациялау барысымен танысты.

Қазірге дейін мал шығыны тіркелген 6 ауданның бесеуінде өлекселерді өртеу жұмыстары толықтай аяқталды. Бұл шараларға республикалық эпизоотияға қарсы отрядтың 19 қызметкері мен облыстағы мамандар тартылған.

Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Айбек Сембайдың айтуынша, көмілген өлекселердің ауаға еш зияны жоқ. Өртенген мал өлекселерінің күлі ор-шұңқырларға топырақпен көмеді. Мұнда дезинфекция жұмыстары жүргізіледі.